Мобильді аударымдар: Тек шенеуніктер туралы ақпарат беріледі

Қазақстандықтардың көпшілігінің мобильді аударымдары туралы ақпарат 2026 жылға дейін берілмейді. Жаңа ережелер кірістерді жалпыға бірдей декларациялауды енгізумен қатар кезең-кезеңімен енгізіледі, мұны өзінің кірісі туралы салықтық ақпаратты ұсыну дегенмен қатар қарастыруға болады.
Жалпыға бірдей декларацияны, оның ішінде ақша аударымдары туралы ақпаратты енгізу келесі кестеге сәйкес жүзеге асырылады:
- I кезең. 2023 жылы мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар және жұбайлары үшін. 2022 жылғы операциялар мен кірістері туралы деректер беріледі.
- II кезең. 2024 жылы бюджеттік сала қызметкерлері және олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары үшін. Деректер 2023 жылғы операциялар мен кірістері туралы деректер беріледі.
- III кезең. 2025 жылы заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары үшін. 2024 жылғы операциялар мен кірістері туралы деректер беріледі.
- IV кезең. 2026 жылы халықтың қалған барлық санаттары үшін. 2025 операциялары мен кірістері туралы деректер беріледі.
Жеке тұлғалардың аударымдарына салық салынбаған және салынбайды да.
kyzylorda-news.kz