Қызылордада жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылған
![](/uploads/posts/2022-02/medium/1645766205_20.jpeg)
«Жаза басып, жаңылғандарды қоғамға бейімдеп, еңбекке баулу мекемеде бірінші кезекте жолға қойылған. Қазіргі таңда 25 кәсіпкерлік нысанда келісім-шарт негізінде сотталғандар жұмыспен қамтылған. Олардың айлық табысының 50 пайызы мемелекетке, жеке тұлғаға келтірген шығындарын төлейді. Ал қалған бөлігін өздеріне, отбасыларына жаратады», – мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы Айгүл Ботпанова.
Жуырда тағы 5 адам көлік жуу орталығына жұмысқа орналасты. Алдағы уақытта жазасын өтеушілерді көбірек еңбекке тартып, 100 пайыз жұмыспен қамту жоспарланған.
kyzylorda-news.kz