Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Аманат» – еліміздегі көшбасшы партия үшін өте орынды атау

«Аманат» – еліміздегі көшбасшы партия үшін өте орынды атау

Нұр-Сұлтанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезі өткізілді.
Еліміздің әрбір өңірінен 399 делегат қатысқан шара барысында бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.
Партия әрдайым халықпен бірге. Пандемия кезінде де қаржылай және материалдық көмекті партия тарапынан көрсетілді. Қасіретті қаңтар оқиғасында да партия фракциясының депутаттары халықтың өтініш-ұсыныстарын тыңдау үшін алаңдарға шықты.
Президент еліміздің "Жаңа Қазақстанды" құру жөніндегі ауқымды міндетті орындауға кіріскенін мәлімдеді. Алғышарттарын орындау жүзеге асып та кетті.
Президент съезде айтылған міндеттерді мейлінше қысқа мерзім ішінде орындаудың маңыздылығын айтты. 7 басымдық бойынша қойылған мақсаттарды жүзеге асыру халықтың игілігі үшін, халық әл-ауқатын дамыту көзделген. Алдағы уақытта партиялық филиал қоғамдық қабылдауларда шалғай ауылдарда жүргізу, қоғамдық кеңестердің тиімділігін арттыру, қажет болған жағдайда қайта құру мәселелері жөнінде кең ауқымды жұмыстар жүргізеді. Халықтың әр түрлі топтармен ауданға қарасты барлық бастауыш партия ұйымдары жұмылдыратын болады.
Партия атауының өзгеруімен қатар, партиялық бағдарламалық құжаттар қайта қаралып, өзгертілуде. Жаңа Қазақстанды құру барлық қазақстандардың өз қолында.
Т. ҚАНАТОВ,
"Nur Otan" партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
02 наурыз 2022 ж. 629 0