Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Съезд делегаттары сайланды

Съезд делегаттары сайланды

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыстық партия филиалы Саяси кеңесінің кезектен - тыс отырысы өтті. Кеңес мүшелері жиынға онлайн және офлайн форматта қатысты.
Өздеріңізге белгілі Ел Президенті, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партия жұмысын жаңғырту бағытында үлкен міндеттер жүкетеген болатын. Осыған орай партия Төрағасымен 1 наурызда кезектен тыс XXII-ші Съезін шақыру туралы шешім қабылданды және онда партия жұмысын жаңғыртудың негізгі бағыттары айқындалмақ.
Жиында осы саяси шараға облыс атынан қатысатын делегаттарды сайлау туралы мәселе қаралды.
Филиал төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова алдағы съезге облыстан делегаттарды сайлау өткен ХХІ съездегі секілді партия Жарғысына сәйкес, бастауыш партия ұйымдары жиналыстары мен аумақтық, облыстық филиалдар конференцияларында емес, бүгінгі Саяси кеңес отырысында сайланатындығын атап өтті.
Кеңес отырысында арнайы бөлінген квотаға сәйкес, партияның 1 наурызда өтетін кезектен-тыс XXII-ші Съезіне Сыр өңірінен 18 азамат делегат болып сайланды.

23 ақпан 2022 ж. 608 0