Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметтегі Батыр аналарға құрмет көрсетілді

Мемлекеттік қызметтегі Батыр аналарға құрмет көрсетілді

Қызылорда облысындағы мемлекеттік қызметшілердің 46 пайызы нәзік жандылар.Олардың қатарында 14 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері қызмет етеді.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Берікбол Байхожаевмемлекеттік қызметтегі Батыр аналарды мерекелік құттықтау шарасындаайтты.
«Сырбойылық 3 251 мемлекеттік қызметшінің 1 494 әйел азаматшалар. Олардың 681-і жергілікті атқарушы органдарда, 813-і орталық атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде қызмет етеді. Нәзік жанды әріптестеріміздің қатарында аймағымыздың дамуына елеулі еңбек ете жүріп, өнегелі ана, аяулы жар, үлгілі басшы атанып жүргендері бар.Бүгінгі шараға мемлекеттік қызметте ер азаматтармен иық тірестіре жұмыс жасап келе жатқан Батыр аналарды шақырып, құрмет көрсетіп отырмыз. Мемлекеттік қызметпен қатар,үй жұмысы, бала тәрбиесіне көңіл бөліп, ел демографиясына үлес қосып келе жатқан аналарымызға алғысымды білдіремін», - деді Берікбол Байхожаев.
Айта кету керек, Қызылорда облысында мемлекеттік қызметте 200 көпбалалы ана, сондай-ақ, басшы лауазымда 324 әйел жұмыс жасайды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні» қарсаңында құттықтау шарасын ұйымдастырып, Батыр аналарғақұрмет көрсеткен болатын.
Бағдат Әбдіқадыров,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы

09 наурыз 2022 ж. 578 0