Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ отбасындағы бала тәрбиесі

Қазақ отбасындағы бала тәрбиесі

Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа жақсы тәрбие мен білім беру үлкен мәселе болып отыр. Өзінің елінің халқын, өзінің елін, өз Отанын сүйетін нағыз ұлтжанды нағыз азамат тәрбиелеуде ең бірінші ата-ананың рөлі ерекше орын алады. Ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын ізгілік, адамгершілік,үлкенді құрметтеу, ұяңдық, пәктік сияқты халқымыздың асыл қасиеттері ерте заманнан бері атаның қанымен, ананың сүтімен бойымызға сіңіп келеді.
Жаңадан туылған сәбидің миы тап-таза қағаз секілді тап-таза болады. Оған айналасындағы адамдар қалай әсер етсе, бала миы, санасы солай қалыптасатынын әрқашан жадымызда ұстауымыз қажет. Балаға айналасындағы өмір шындығы ауадай қажет. Ең алдымен өз ұлтымыздың әдебиеті мен мәдениеті, салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен, өнерімен тереңірек таныс болуы тиіс. Осындай талап тұрғысында әке мен шеше және баланың басқа да ересектерінің өзара жақсы қарым-қатынас, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек сүйгіштігі, ізденістері бәрі балаға өнеге.
Осы орайда баланың ата-ананың өзара тату-тәтті  сыйластығы, мейірбандық пен ыстық ықыласы, сөйлеген сөздері бәрі-бәрі балаға ерекше әсер етеді. Отбасындағы ұрыс-керіс, орынсыз жанжал, балағат сөздер баланы жақсы әдетке тәрбиелейді. Өйткені бала іштей тынып, не істерін білмейді. Өз ата-анасының оғаштау мінезі балалардың дөрекі, тілазар, қатыгез, өзімшіл болып өсуіне әсер етеді.
Жас ұрпағымыз, өзіміздің келешегіміз кішкентай ғана сәбидің нағыз азамат болуына ықпалды ортаның бірі жолдас-жорасы, достық қарым-қатынастары, мінез-құлықтарын білгені жөн. Олардың өзара қарым-қатынасына құрметпен қарауы керек. Ата-ананың себепсіз ренжіп, қабақ шытып, осы балаларды неге ертіп келесің, басқа достар табылмады ма? … дегендей сөйлеуі дұрыс емес. Мұндай көзқарас баланың намысына тиеді, қатты мазалайды.
Сонымен қатар бала өмір сүріп отырған өзінің үйінің ішіндегі әрбір заттың өз орнында тұруы да аса маңызды. Себебі үй ішіндегі заттар, бұйымдар шашылып жатса, ата-ана қарамаса баланың мінезі де алқын-жұлқын тартып, бойынан сабыр кетеді. Баланың сабаққа тыңғылықты әзірленуде тиісті жағдай жасау ата-ананың тікелей міндетті. Ықыласымен  оқымайтын баладан нашар оқушы шығады.
Оқуға ынтасы төмен оқушылардың көбісі өзінің ата-анасының бақылауынан тыс қалған балалар. Себебі ата-ана жұмысты желеу етіп мектеппен еш байланыс жасамайды. Тіпті баласының сынып жетекшісінің кім екенін білмейтін ата-анада баршылық. Мұндай ата-аналардың балалары оқуға селсоқ қарайды, тәртібі нашар, жауапкершілікті сезінбейді. Үй тапсырмасын дұрыс орындамайды, жиі-жиі сабақ қалдырады. Әрине осындай бақылаусыз қалған бала сапалы білім, сапалы азамат, өнегелі тәрбие алмайтыны белгілі.
Баланың тәрбиешісі – ол-қоғамның талабына сай белгілі бір топтағы оқу-тәрбие процесін ұйыдастырушы басты тұлға. Ол бүлдіршіндердің таным әрекетін ұйымдастырып, олардың әлеуметтену процесін қалыптастырады, болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделу, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, топтағы жағымды көңіл-күй жағдайын жүзеге асыру.
Әрекеттер мен мәселелерді шешуде бала дербестігін дамытыңыз. Өзіңіздің сыртқы келбетіңіз бен әрекет қылықтарыңызды қадағалаңыз. Бала сізді мақтан тұту керек. Балаңызбен көбірек сөйлесіңіз.
Есіңізде болсын, теледидар да, радио да сіздің орныңызды баса алмайды. Балаңыздың құрдастарымен қарым-қатынасын шектемеңіз. Баласы бар отбасылармен араласыңыздар. Өз тәжірибелеріңізбен алмасыңыздар. Балаларыңыз өсіп, жеке өмір сүретін кез келетіні естеріңізде болсын. Оны болашақ өмірге дайындаңыздар, ол туралы әңгімелесіңіз.

Перизат Құдабаева
"Шағала" бөбекжай-бақшасының ІІ-санатты тәрбиешісі
10 наурыз 2022 ж. 3 418 0