Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 26 наурызда «Жер сағаты» экологиялық акциясы өтеді

26 наурызда «Жер сағаты» экологиялық акциясы өтеді

Қазақстанда «Жер сағаты» экологиялық акциясы 13-ші рет өтеді.
Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрағасы Айгүл Соловьева биыл 26 наурызда ел тұрғындарына бір сағатқа – сағат 20.30-дан 21.30-ға дейін электр қуатын пайдалануды тоқтатып, экологияны ойлауды ұсынды. Оның айтуынша, «Жер сағаты» – бұл ғаламшардағы ең ауқымды экологиялық акция.
«Біз барша қазақстандықты бірігіп, табиғатқа тигізетін зиянымыз туралы кем дегенде бір сағат ойлануға шақырамыз», – деді Соловьева Sputnik Қазақстан баспасөз орталығындағы баспасөз конференциясында.
Акцияның басты мақсаты – әрбір адамға қоршаған ортаны сақтауға өз үлесін қосуға мүмкіндігі бар екенін жеткізу. Акцияға әдетте азаматтар, компаниялар және үкімет қатысады. Жарықты өшіре отырып, олар өздерінің өмір салтын «жасылдандыруға» дайын екенін білдіреді.
«Егер қазіргі үрдіс сақталатын болса, онда 2050 жылға қарай адамдарға энергияға, суға және азық-түлікке деген қажеттілігін қанағаттандырып, қалдықтарды сақтау үшін екінші ғаламшар қажет болады. Біз барша қазақстандықты осы акцияға қосылуға және күнделікті әдетін өзгертуге, энергия мен жылуды үнемдеуге, суды тиімді пайдалануға, қалдықтарды өңдеп, кәдеге жаратуға шақырамыз», – деп түйіндеді Соловьева.
Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) Орталық Азия бағдарламасының директоры Григорий Мазманянцтың айтуынша, акцияға қатысушылардың саны жылдан жылға артып келеді.
«Акция барған сайын ауқымды сипатқа ие болуда. Біз бүкіл әлемде бір уақытта жарық сөнетінін күнге жетеміз деген ойдамын», – деп атап өтті ол.

kyzylorda-news.kz​​​
11 наурыз 2022 ж. 429 0