Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 12 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де оңтүстік циклон ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді. Тек Казақстанның қиыр солтүстік-шығысында суық антициклонның әсерінен жауын жаумайды, күн ашық.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын. Желдің қарқыны - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі.

Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды, желдің күші 15-25 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жел екпіні 18 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, түнде облыстың батысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде – тұман, күндіз облыстың батысында жел қарқыны - 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында - тұман, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында – жаяу бұрқасын, тұман, облыстың солтүстігінде, батысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде – тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде – жаяу бұрқасын, түнде және таңертең жел екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде - көктайғақ, облыс орталығында – тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жел 15-25 м/с дейін күшейеді.

egemen.kz
12 наурыз 2022 ж. 553 0