Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ashyq» қосымшасын қолдану талабы алынып тасталды

«Ashyq» қосымшасын қолдану талабы алынып тасталды

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК шектеулерді алып тастау бойынша бірқатар шешім қабылдады. Соның ішінде өңірлерде «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану талабы да алынды.
Бұндай шешім ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешіміне сай, эпидемиологиялық тәуекелдің «сары» және «жасыл» аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану алынып тасталды.
Сондай-ақ, әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар, міндетті термометрия талабы да күшін жойды.

kyzylorda-news.kz
12 наурыз 2022 ж. 681 0