Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2021 жылғы қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері

2021 жылғы қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен  2021 жылы 4бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде және 2мемлекеттік мекемеде қаржылық есептілік бойынша аудиторлық іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде жалпы сомасы 8 035174,1 мың теңгенің қаржылық және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарға жол берілгені анықталды, оның ішінде «Қызылорда облысының білім басқармасы» ММ-де жәнемекемеге бағынысты7 мемлекеттік мекемелер бойынша-1 494 486,0 мың теңге, «Қызылорда облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-дежәнемекемеге бағынысты4 мемлекеттік мекемелер бойынша-19 050мың теңге, «Қызылорда қаласының білім бөлімі» КММ-і бойынша-3229666,4 мың теңге, «Қазалы ауданының білім бөлімі» КММ-і бойынша-52 092,1 мың теңге, «Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ-і бойынша-3 019 333,4 мың теңге,«Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» КММ-і бойынша-220 546,2 мың теңге.
Қабылданған шаралар нәтижесінде жоғарыда аталған мекемелерде анықталған бұзушылықтар бойынша 24 жауапты тұлға  тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жергілікті атқарушы органға қарасты бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілдерінің қатысуымен қаржылық есептілік аудиті нәтижелерімен жиі анықталатын бұзушылықтардың пайда болу себептері мен оларды келешекте болдырмау жолдары аталып көрсетілген семинар өткізілді.
15 наурыз 2022 ж. 500 0