Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 108 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Қызылордада 108 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департамент тарапынан өткен жылы 102 аудиторлық іс-шара жүргізіліп, нәтижесінде жалпы 58,5 млрд теңгеге заң бұзушылықтар анықталды.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың бюджетке өтеуге және қалпына келтіруге жатқаны 50,1 млрд теңге, олардан департаменттің ден қою шараларымен жалпы қалпына келтірілгені 49,7 млрд теңге (немесе 99,8%) және бюджетке өтелгені 215,5 млрд теңге.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралары бойынша аудит объектілерімен өткізілген мемлекеттік сатып алу процедураларында жалпы сомада 7,8 млрд теңгеге заңнама бұзушылықтары анықталған, оның ішінде қорытындысына әсер ететін 7,0 млрд теңге және 771,3 млн теңге өткізілген мемлекеттік сатып алулардың қорытындысына әсер етпейтін. Сонымен қатар жалпы аудитпен қамтылған мемлекеттік сатып алу бойынша қаражат көлемі 7,8 млрд теңге немесе анықталған бұзушылықтар сомасынын үлес көрсеткіші 100%-ті құрайды.

Қолданылған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, аудит объектілердің лауазымды тұлғаларына қатысты 328 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, айыппұлдың жалпы сомасы 25,7 млн теңгені құрап, оның ішінен 19,5 млн теңгесі бюджет кірісіне өндірілген.

Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдауға 2020 жылдың 12 айында анықталған заңнама бұзушылықтардың 1,6 млрд теңгеге мемлекеттік аудит материалдары жолданған. Қолданылған шаралар нәтижесінде құқық қорғау органдарымен 2 аудит материалдары бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот орындарына жолданған.

Департамент тарапынан жолданған заң бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқамалар негізінде тәртіптік жауапкершілікке 108 аудит объектісінің лауазымды тұлғасы тартылған.

kyzylorda-news.kz
31 наурыз 2021 ж. 462 0