Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өңірдегі бюджеттік түсім көрсеткіштері баяндалды

Өңірдегі бюджеттік түсім көрсеткіштері баяндалды

Күні кеше аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орыновты қабылдады.
Кездесуде облыс әкіміне департамент басшысы мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс көлемінің көрсеткіштеріне тоқталып, жоспарлы жұмыстарды баяндады.
Аймақта тамыз айына дейінгі меже бойынша мемлекеттік бюджетке межеленген жоспар 106,4% орындалып, 4,070 млрд теңге артығымен қамтамасыз етілген. Бұл ретте өңірдегі түсімдердің өсу қарқыны 81%-ға жеткен. Оның ішінде республикалық бюджетке 36,556 млрд теңге, жергілікті бюджетке 30,973 млрд теңге өндірілді. Қабылдау барысында облыс әкімі экономика салаларынан түсетін түсімдердің барысын саралап, салалар бойынша сараптамалық есеппен танысты. Соңғы 6 ай бойынша жергілікті бюджеттен түскен түсімдердің 14%-ы мұнай компанияларынан құраса, шағын және орта бизнес субъектілерінің түсімі 23%, ал бюджеттік саланың кірісі 28%-ға жеткен.Бүгінде құрылыс саласы бойынша кіріс 6,9%-ға, яғни бюджетке бұл саладан 4,115 млрд теңге түсім түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,6%-ға артық. Сауда саласында да түсім үлесі 19,4%-ға артқан. Ал, ауыл шаруашылығы саласында кіріс 1,6%, 966 млн.теңге түскен, өткен жылдан 242 млн.теңгеге артық.
Карантин жағдайы жылдық жоспардың орындалуына да әсер еткен. Жергілікті бюджеттің жылдық жоспары 47,650 млрд.тг көлемін құрады. Дегенмен, төтенше жағдайға байланысты шілде айында жоспар 3,058 млрд.тг азайтылып, 44,852 млрд.теңгеге жеткен. Дегенмен, қосымша резервтер есебінен салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 5,660 млрд теңге қосымша қаржы түскен.Мұнай өндіру көлемінің төмендеуі және нарықтағы шикі мұнай бағасының тұрақсыздығы салықтық түсімдердің түсуіне алып келуде. Мәселен, мұнай компанияларынан түсетін салықтық түсім өткен жылы 29%-ды құраса, биылғы жылдың 1-жарты жылдығында түсім 14%-ға жеткен. Департамент тарапы бүгінгі күні түсім көлемін межелі орындау үшін салық төлеушілер жанынан 28 баcым бағытта «Мақсатты топтар» белгілеп, әкімшілендіру істерін жүргізіп, түсім көлемін төмендетпеу бағытында жұмысты бастап кетті.
kyzylorda-news.kz
12 тамыз 2020 ж. 448 0