Жетес би тұрғындары Жаңа жылды қарсы алды

Республика бойынша кең көлемде аталып өтетін Наурыз мейрамы Жетес би ауылдық округінде де өз деңгейінде тойланды. Ауылдық клубта Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шарада Наурыз көже дайындалып, клуб үйіне жиналған жұртшылық көже мен ұлттық астан дәм татты. Дәстүрлі өнердің бесігіне айналған Сыр бойындағы жұртшылық мерекелік шарада жас өнерпаздардың әуелеген әніне, мың бұралған биіне тамсана қарады. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, мерекеге сай ғұрыптардың куәсіне айналды. Шара соңында ауыл ақсақалдарының ақ батасын алып, Жаңа жыл жақсылығымен келсін деп жүздеріндегі күлкімен, қуанышпен тарқасты.
"Толқын" ақпарат