Сәрсенбі күнге арналған ауа райы болжамы

Түнде елдің оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жауын-шашын жауады.
Батыс және оңтүстік өңірлерге антициклон әсер етеді, сондықтан мұнда жауын-шашын жаумайды.
Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді. Солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
kyzylorda-news.kz