Қызылордада жоғалған қыз Алматыдан табылды
Қызылорда қаласында 25 наурыздан бері 17 жастағы жасөспірім қыздың іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.
Ол белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағандығы жөнінде 25 наурыз хабарлама тіркеліп, полиция қызметкерлері мен туыстары бірігіп, іздестіру жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде жасөспірім Алматы қаласынан табылды.
«Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмағанды Қызылордаға жеткізіп, ата – анасына табыстау үшін Алматы қаласына іс сапарға жіберілді», делінген полиция департаментінің хабарламасында.
kyzylorda-news.kz