Қызылорда облысында 190 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті
Қызылорда облысында 190 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, облыс ревакцинациялау қарқыны бойынша алдыңғы өңірлер қатарында. Өткен жылдың 22 қарашасынан басталған ревакцинациядан 189 868 тұрғын өткен. Вакцинаның 2 компонентімен қамтылып, 6 ай аралық мерзім өткендеріне бустерлік дозаны егу ұсынылды.
Облыс бойынша 22 медицина мекемесінде коронавирусқа қарсы егу жұмыстары жүргізіледі. Олардың 13-і қалада, 9-ы аудандарда қызмет көрсетеді. Өңірде екпе қоры жеткілікті.
Еске салсақ, Қызылорда облысында модульды инфекциялық стационар жабылған еді.