«Дикий Арманды» қамауға алу мерзімі ұзартылды

«4 сәуірде Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2022 жылдың 7 маусымына дейін ұзартты», – деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
Бас прокуратура мәліметінше, Арман Жұмагелдиев бірнеше бап бойынша күдікке ілінген.
ҚК 287-бабы, 4-бөлігі «адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бiрнеше рет қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»;
ҚК 272-бабы , 2-бөлігі «Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiкке қатысу»;
ҚК 126-бабы, 3-бөлігі, 3-тармақшасы «Адамды бас бостандығынан заңсыз айырып, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғу».
kyzylorda-news.kz