Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков Алматыда қамауға алынды, "Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Шыныбеков Дамир Абдуәлиұлына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын екі ай мерзімге - 29 шілдеге дейін санкциялады. Дамир Шыныбеков Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы "Аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша күдікке ілінген", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің өкілдері. Дамир Шыныбеков Арқалық қаласында дүниеге келген. 2009 жылдан бастап ректор қызметін атқарды. Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы Бостандық аудандық мәслихатының депутаты.