Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысында инкассаторлардың өліміне қатысты тағы бір күдікті ұстадлы

Түркістан облысында инкассаторлардың өліміне қатысты тағы бір күдікті ұстадлы

Түркістан облысының Арыс ауданында екі инкассатордың өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды.

Күдіктілер "Қылмыс туралы хабарламау" және "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылатын құрылғыларды заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бабы бойынша айыпталып жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 
Еске сала кетсек, қанды оқиға 7 маусым күні күндіз болған. Екі инкассатордың өліміне әріптесі күдіктеліп, қамауға алынған болатын. Ол әріптестерінен өзін жолай көлікпен жеткізіп салуды сұрап, орта жолда арам ойын іске асырды деп күдіктелді. Күдікті ауылдағы танысының үйіне қару мен ақшаны әкеп жасырған. Бұл туралы полицияға хабарламай, қылмысты жасырған танысы да күдікті ретінде ұсталды. 
Бұған дейін марқұмдардың жақындары бұл істе бір ғана адамның қылмыскер екеніне сенбейтінін айтқан болатын.

http://stan.kz 

11 маусым 2019 ж. 546 0