Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

2020 жылы шілде айының 01-нен бастап Республика аумағында азаматтардан заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акциясы өткізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардан заңсыз сақталған қару-жарақтарды өтемді түрде сатып алып, қылмыстылықтың алдын алу.
Сонымен қатар заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылмайды және оларға айлық есептік көрсеткіштің 6-дан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.
Қазіргі таңда барлық қалалық және аудандық Полиция бөлімдерінде азаматтар тапсырған атыс қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің техникалық жай-күйі мен оларды тапсырғаны үшін сыйақы белгілеу жөніндегі комиссия құрылып, қабылданады.
Осыған байланысты, қылмыстар мен төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында облыс көлеміндегі кез келген Ішкі істер органдарына қару-жарақ пен жарылғыш заттарды тапсырып қаражат алу мүмкіндігіне ие бола отырып, қылмыс профилактикасына өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
01 шілде 2020 ж. 708 0