Бүлдіршіндерін ақындыққа баулыған

Әсіресе оның бір ерекшелігі, жыл сайын Наурыз мерекесі қарсаңында шағын орталықтағы бүлдіршіндер санасына ұлттық өнеріміздің үздік үлгілерін дарыта білуінде. Соның ішінде балаларды айтыс өнеріне баулудағы еңбегі ерекше. Өзі бас демеуші болып сыйлықтар әзірлеп, бүлдіршіндер арасында айтыс ұйымдастырып, оларды "Алтын домбыра" иегерлігіне баулуда. Бүлдіршіндерді кәдімгі айтыс ақынындай ұлттық киіммен сахна төріне шығу, отыру мәдениетіне баулу, бір-біріне екі-үш шумақтан жауап бергізіп, ақындыққа бейімдеудің өзі үлкен еңбекті қажет етеді. Қалдыгүл бүлдіршіндері үшін мұндай жұмыстан еш жалыққан емес.
Шағын орталықта биылғы Наурыз мерекесі де ойдағыдай өтті. Балабақша бүлдіршіндері арасында бас бәйгені Нұрмахан, ал І орынды Раяна жеңіп алды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында "Бала дарын" атты жасөспірімдер байқауына он бүлдіршін дайындап, қатысып құттықтау мен марапаттар алса, осы жобаның атқарушы директоры Н.Сәрсебаев Қалдыгүлдің ұстаздық өлшеусіз еңбегін еңбегін жоғары бағалап, оған "Үздік жетекші" медалін табыстады.
Шағын орталықтағы бүлдіршіндердің бойындағы бұла таланттың көзін бұлақ ашқандай ашып, оларды өнерсүйер қауымға танытып жүрген тәрбиеші Қалдыгүл Тойбазарова әлі талай жетістіктерге қол жеткізері сөзсіз.
Ж. ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ,
Жетес би ауылдық округі