Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Табиғат – тіршілік көзі болса, тазалық – берекенің бастауы. Шуағын төккен көктем мезгілімен бірге аудан ішінде көркейту шараларын жүргізіп, сенбіліктер өткізетін уақыт та келді. Жалпы сенбілік – өзіміздің тұрғылықты жеріміз бен ауламыздың тазалығы үшін маңызды әрі ортақ игі іс. Әрбір елін, туған жерін қадірлейтін азамат ортақ қаламыздың таза болуына алаңдағаны жөн.

Тазалық пен тәртіп, ең алдымен өзімізге - осында тұратын адамдарға қажет. Осыған орай, күнбе-күн пәтерде, үйде, көшеде, жұмыста, оқуда, әрбір іс-қимылымызда тазалық мәдениетін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!
2022 жылдың 9 сәуір күні республикалық «Birge - taza Qazaqstan» акциясы аясында аудан көлемінде сенбілік шаралары өткізіледі.

Барша аудан тұрғындарын, салалар мен меншік түрлеріндегі мекемелердің ұжымдарын, кәсіпкерлерді, қоғамдық ұйымдар мен жастар бірлестіктерін, барлық көпқабатты және жеке тұрғын үйлердің тұрғындарын өз көшелері мен аулаларын тазалау, көгалдандыру жұмыстарына жаппай белсене қатысуға шақырамыз!
Туған қаламыздың таза да көрікті болуына бірге атсалысайық!


08 сәуір 2022 ж. 593 0