Қала көркі – өз көркің
Қыс мезгілі өтіп, шуақты көктем де келіп жетті. Халқымызда көктем мезгілінде төңірегімізді тазартып, ағаш отырғызу, бұлақ көзін ашу сынды игі дәстүр қалыптасқан.Біздің де туған өлкеміздің көрікті болуы «Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, әрбір тұрғынға тікелей байланысты. Осы ретте әр тұрғын өзі тұратын үй-жайдың айналасын таза ұстап, артық-ауыс қалдықтарды шашпай, ұқыпты болса, туған қаламыздың таза әрі көрікті мекенге айналуына титтей де болса үлес қосқан болар еді. Суын ішіп, ауасын жұтып, топырағын басып жүрген туған жерімізді аялап, қадірлеу туралы әр азамат ойланса дейміз...Осы ретте, барлық салалар мен мекеме ұжымдарын, кәсіпкерлерді, қоғамдық ұйымдар мен жастар бірлестіктерін, барлық көпқабатты және жеке тұрғын үйлердің тұрғындарын өз айналаларын тазалау жұмыстарына белсене қатысуға шақырамыз! (келісім бойынша)
Тазалық пен тәртіп, ең алдымен өзімізге – осында тұратын адамдарға қажет. Сондықтан, күнбе-күн, кезең-кезеңімен пәтерде, үйде, көшеде, жұмыста, оқуда, әрбір іс-қимылымызда тазалық мәдениетін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз. Тазалық акциясы Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында 21 наурыз күнінен басталады.
Арал ауданының әкімдігі