ТАЗАЛЫҚ – ҚАЛА КӨРКІ, АДАМ ЖАНЫНЫҢ АЙНАСЫ

Қоршаған ортаны ластауға, зиян келтіруге жол бермеу керек. Ауаның ластануымен күресу, суды және ауыз суды ластанудан қорғау керек. Біз адамдар барлық сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, әсемдікті табиғаттан үйренеміз. Біз де табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарауымыз керек. Қазіргі біз өмір сүріп жатқан әлем қоқыстың құрсауында қалып отыр деуге де болады. Өйткені шірімейтін тұрмыстық қалдықтардан зардап шегеміз. Қанша ғасыр өтсе де, еш бұзылмайтын пластикалық бөтелке, полиэтилен қалталардың залалы климатты өзгертуге дейін ықпал етіп отыр.
Менің ойымша, әр адам өз жүрген жеріне көңіл бөліп, тазалық сақтап жүрсе, біздің денсаулығымыз да жақсарады. Денсаулық – баға жетпес асыл зат. Мен өз қаламның тазалығын сақтауға тырысамын. Көшеде қоқыс тастамай, оны арнайы жәшіктерге тастау керек деп ойлаймын. Сонда қаламыз таза болып, көркейе береді деп сенемін.
Арал қаласының тұрғыны Зекенова Нұрбибі.