Қазақстанда Pfizer екпесін қанша азамат салдырды

Ведомствоаралық комиссияның жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпаратына қарағанда, Pfizer екпесінің 1-дозасын – 985 053 азамат, 2-дозасын 854 008 тұрғын салдырды.
Оның ішінде алғашқы компонентімен 794 847 жасөспірім, 36 514 жүкті әйел, бала емізетін 130 546 әйел қамтылса, 2-компанентін 710 976 жасөспірім, 31 073 жүкті әйел, бала емізетін 110 774 әйел қабылдаған.