«Стелс-омикрон» штамынан қорғанудың жалғыз жолы – ревакцинация

Егер вакцинациядан, ревакцинациядан бас тартсақ, жағдай ушығып кетуі мүмкін. Бүгінде жетістігіміз 10,5 миллион адамның саналы түрде вакцинациядан өткендігі, ұжымдық иммунитет қалыптасқандығы. Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануы бұдан бұлай ұжымдық иммунитетті сақтаудың қажеті жоқ дегенді білдірмейді. Көп адам карантин шектеулері алынып тасталғанын «вирусты жеңдік, енді вакцина алмасам да болады» деп түсініп жатыр. Бұл үлкен қателік. Осыдан бір жыл бұрын, тіпті жарты жыл бұрын вакцина алған адамдар ревакцинациядан өтпеген жағдайда мутациялық штаммдар елге келген кезде бірінші жұқтыруы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бүгінде «Стелс-омикрон» штамынан құтқаратын бірден-бір жол, жұқтырғанның өзінде жеңіл өткерудің жолы- вакцинация мен ревакцинация. Вакцинация алсақ қана біз вирусты жұқтырғанның өзінде ауруханаға түспейміз, жасанды тыныстандыру аппаратына таңылмаймыз. Бүгінде азаматтарымыздың қорғануға деген санасы оянып, ревакцинациядан өтуі керек. Қолда бар ұжымдық иммунитетті сақтап қалуымыз керек.
А. САТЕКЕЕВА,
Арал санитариялық-бақылау басқармасының басшысы