Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық мобильді топ өкілдері Қамыстыбаста болды

Облыстық мобильді топ өкілдері Қамыстыбаста болды

Жақында облыстық мобильді көшпелі қабылдау тобы Қамбыстыбас ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қазақстан Республикасының Президенті, партия Төрағасы Қ.К.Тоқаев 2022 жылдың 1 наурызы күні өткен партия Съезінде партия жұмысын қайта жандандыруды, сайлаушылармен кері байланысты күшейту маңыздылығын,ол үшін қоғамдық қабылдаулардың барлық тетіктерін іске қосу қажеттілігін тапсырған болатын. Соған сәйкес, Қамыстыбас ауылындағы көшпелі қоғамдық қабылдау өткізу жоспарланып, ол туралы тұрғындарға әлеуметтік желіде алдын-ала хабарлама берілді.
Мобильді топтың қабылдауында облыстық басқарма басшылары мен жергілікті мекеме басшылары тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Қабылдауда болған үлкеннің де, кішінің де өтініші –  елді көркейту,жергілікті тұрғындардың жағдайын жақсарту сияқты ортақ мақсат,ортақ мүдделері бойынша ой қозғады.Негізгі мақсатта сол, себебі қабылдау бөлмесі тек шағымдармен емес, елді дамыту бойынша нақты идеямен,өзіндік ұсыныстары бар азаматтар үшін тартымды орынға айналуы тиіс. Мобильді қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың арыз-өтініштері бойынша нақты жауаптары сол жерде беріліп, қаражат мәселесіне қатысты өтініштер бойынша мәселелер қараусыз қалмай, партия филиалының тарапынан қажетті жұмыстар жүргізілетіні және нәтижесі жеткізілетіндігі айтылды.
14 сәуір 2022 ж. 488 0