Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК-сы сәуірдің 15-і күнгі күн райы болжамын жариялады.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, тек оңтүстік-батыста, оңтүстікте, шығыста антициклонның әсерінен күн ашық болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.
Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, облыстың орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

kyzylorda-news.kz
16 сәуір 2022 ж. 351 0