Қызылорда облысында Сырдария жағалауынан ер адамның мәйіті табылды

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Мәйіт ұзақ уақыт суда жатып қалған. Осыған байланысты табылған мәйіттің жеке басын анықтау үшін тиісті сот сараптамасы тағайындалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректерін жария етуге жол берілмейді», – деп мәлім етті департаменттен.
Ведомство мәліметінше, қылмыстық іс Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бақылауында.
kyzylorda-news.kz