Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында сәбиін дәретханаға тастап кеткен әйел ұсталды

Қызылорда облысында сәбиін дәретханаға тастап кеткен әйел ұсталды

Қызылорда облысында жер үйдің дәретханасына сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың 1 желтоқсаны күні Қызылорда қаласындағы жер үйлердің бірінің ауласындағы дәретханадан жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 100-бабы («жаңа туған баланы анасының өлтiруi») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Полиция күдіктіні анықтады. Қазір 23 жастағы әйел ауруханада жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. 
kyzylorda-news.kz
03 желтоқсан 2020 ж. 455 0