Күніне үш құрма жеудің денсаулыққа пайдасы
Құрманың денсаулыққа пайдасы зор. Ас қорыту, жүрек-тамыр жүйесін және ми жұмысын жақсартады. Бұл жайында медицина ғылымдарының докторы және диетолог Синтия Сасс Health порталына берген сұхбатында айта кетеді.
Маманның пікірі бойынша, құрманың құрамында көптеген дәрумен (кальций, темір, магний, калий, мырыш, марганец) және табиғи антиоксиданттар бар. Олар қабынуға қарсы қасиетке ие және жұқпалы аурулармен күресуге көмектеседі.
Күніне 3 құрма жеген пайдалы. Асқазан-ішек жолдарының қалыпты жұмыс істеуіне зор себеп болады, - дейді Синтия Сасс.
Көптеген халықтарда құрма қасиетті тағам саналады. Жоғарыда маман айта кеткендей, бұл жемістің екі-үш данасының өзі ағзаға өте пайдалы. Күніне үш құрма жеп қана ағзаны қажетті микроэлементтермен қамтамасыз етуге болады. Дәрігерлер тіпті тәтті әрі зиянды кәмпиттерді құрмамен алмастыруға кеңес береді.
Құрма – адамның асқа деген тәбетін жақсартып, жұмысқа деген қабілетін жақсартады. Жүрек ауруы түрлерінің алдын алады, холестеринді, қандағы қантты реттейді. Сонымен қатар Альцгеймер ауруы бар адамдар үшін пайдалы.
Құрма көздің көру қабілетін жақсартады (тіпті сәбізден де пайдалы). Себебі құрамында А дәруменінің мөлшері көп. Егер өзіңізді сергек әрі қуатты сезінгіңіз келсе, құрма жеп тұрыңыз. Бар болғаны үш құрма жесеңіз, бір күнге жетерлік энергия аласыз.
massaget.kz