Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңақорған ауданының әкімі тағайындалды

Жаңақорған ауданының әкімі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Жаңақорған аудандық мәслихатының келісімдері бойынша облыс әкімінің өкімімен Жаңақорған ауданының әкімі лауазымына Тілеумбетов Мұрат Жолкелдіұлы тағайындалды.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа аудан әкімін таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Мұрат Тілеумбетов 1963 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Ол Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда құрылыс трестінің жұмысшысы ретінде бастап, аталған мекемеде мастер, инженер-жабдықтаушы және шағын кәсіпорын директоры лауазымында 1995 жылға дейін қызмет атқарған.
1995-2010 жылдары «Интертич-Кезнар» шағын өндірістік кәсіпорнының өкілі, «Ақ маржан» акционерлік қоғамына қарасты «Реалбаза» мекемесінің директоры, «Жабдықтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры болған.
2010-2013 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бас маманы, бөлім бастығы;
2013-2014 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары;
2014-2017 жылдары Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы;
2017-2019 жылдары «Жаңақұрылыс», «Қызылорда тазалығы», «Автобус паркі» ЖШС-де басшылық қызметтер атқарған.
2017-2019 жылдары Қылылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшының орынбасары болған.
2020 жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

kyzylorda-news.kz
20 сәуір 2022 ж. 890 0