Қызылорда облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды

Сұлтан Мақашов 1961 жылы туған, Қазақ химия-технологиялық институтын «Инженер-құрылысшы» және Қызылорда экономика, экология және құқық Академиялық университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1978 жылы Жаңақазалы коммуналдық кәсіпорындар комбинатының слесарі ретінде бастаған.
1984 – 1994 жылдары №1604 жылжымалы механикаландырылған колоннада монтажник, № 86 жылжымалы механикаландырылған колоннада бригадир, шебер, аға прораб және 2 азаматтық құрылыс мекемесінің бас инженері, бөлім бастығы;
1995 – 1996 жылдары Қазалы ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Қазалы ауданының бас сәулетшісі;
1996 – 2012 жылдары «Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК Қазалы филиалының директоры;
2012 – 2019 жылдары Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, Қармақшы ауданының әкімі;
2019-2020 жылдары Жаңақорған ауданының әкімі болып қызмет атқарып келді.
