Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы

21 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Бүгін Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді. Салдарынан жаңбыр жауады, оңтүстіктің таулы аудандарында және солтүстікте қатты жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте тұман түсіп, оңтүстікте найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады.
Күндіз Қызылорда облысында күн ашық, облыс орталығында жел 15-20 м/с артады.

kyzylorda-news.kz
21 сәуір 2022 ж. 486 0