Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы мен жәрдемақыдағы өзгерістер

Зейнетақы мен жәрдемақыдағы өзгерістер

«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасына сәйкес 2022 жылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК)- 3180 т, ең төменгі зейнетақы 48032 т, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері– 20191 т, ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) - 37389 т. мөлшерінде белгіленді.
2022 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 4%-ға алынған  мөлшерінен артады.
Жаңадан тағайындалған жасына байланысты зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін кірістің ең жоғары мөлшері 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 46 еселенген АЕК-тен (146280 теңге) аспауы керек.
Жоғарыда аталған Заңға сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады,  ал  №1, №2  тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақының бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толық толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақысы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты арттырылады.
Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы: I-топ - 71787 т,  II-топ - 57206 т,  III-топ -38885 т. Бұрын бала мүгедектігін 16 жасқа дейін белгілеп 16 жаста науқастығына сәйкес топтарға ауыстырса енді 7 жасқа дейін бала мүгедегі болып 7 жастан бастап топтарға бөлінеді яғни 7 жасқа дейін - 52345 т, I–топ - 71787 т, II - топ - 59449 т, III –топ 44867 т. болып белгіленді. Әскери қызмет атқару кезінде болған мүгедектерге I – топ - 105064 т,  II-топ – 89734 т, III–топ -75152 т. Мүгедек баланың күтіміне  - 52345 т төленеді.
Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы: бір балаға – 32155т, екі балаға - 55710 т, үш балаға - 69170 т, төрт балаға - 73283 т, бес балаға - 75900 т, алты және одан жоғары балаға - 78891 т. Тұлдыр жетім бір балаға - 44120 т, екі балаға - 88239 т, үш балаға - 132358 т, төрт балаға - 176477 т.
Бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы: төрт балаға дейін -120840 т, төрт және одан да жоғары бала туғанда – 200340 т. Бір жасқа дейін бала күтіміне бірінші балаға - 18317т, екінші балаға- 21656 т, үшінші балаға - 24963 т, төртінші және одан да жоғары балаға - 28302 т.
Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар, барлық көп балалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төленеді. 4 баласы бар отбасыларға 50976 т, 5 баласы бар отбасыларға - 63728т, 6 баласы бар отбасыларға- 76479т, 7 баласы бар отбасыларға - 89231т, 8 баласы бар отбасыларға – 101760т, 9 баласы бар отбасыларға – 114480 т.
Айта кететін жәйіт көп балалы аналарға (Алтын, Күміс алқа, Батыр ана, 1,2 дәрежелі Ана даңқы орден иегерлеріне) - 20352т төленеді.
Қайта есептеу жұмысы толығымен жасалып қайта есептелінген сома маусым айында (сәуір, мамыр айларын қоса) төленеді.
Мурат ЖАНАЕВ,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы
 бойынша филиалының әлеуметтік төлемдер  бойынша Арал аудандық бөлім басшысы                             
25 сәуір 2022 ж. 693 0