Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысындағы мемлекеттік қызметшілердің 46% әйелдер

Қызылорда облысындағы мемлекеттік қызметшілердің 46% әйелдер

Қызылорда облысында мемлекеттік қызметте 3245 қызметші бар. Олардың 1494-і әйелдер болса, 386-сы жас мемлекеттік қызметшілер.Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Ғалым Тұрсынбаев баспасөз-конференциясында мәлімдеді.
Биылғы І-тоқсанда Қызылорда облысында мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3343 бірлікті құрады. Оның14-і саяси мемлекеттік қызметші, 1 «А» корпусының және 3328«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері бар.
Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 324 бірлікке азайып отыр. Былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің саны 15 пайызға қысқартылған болатын. Айта кету керек, саяси мемлекеттік қызметшілер мен ауыл әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілері қысқартылған жоқ.
Аймақтамемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлес салмағы 46 пайыз, ал жастардың үлес салмағы 11,9 пайыз болып отыр.
Өңірде мемлекеттік қызметшілер қатарында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының -20 түлегі, «Болашақ» бағдарламасының - 3 түлегі жұмыс жасайды.
Жас мамандардың кәсіби дамуы мен қызметтік қабілеттерін шыңдауға бағытталған «Сыр болашағы» жас мемлекеттік қызметшілер клубы өз жұмысын қайта жандандырды.
Сонымен қатар, жас мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру мақсатында мамыр айында «Үздік жас мемлекеттік қызметші» байқауы ұйымдастырылатын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
03 мамыр 2022 ж. 790 0