Суға түссеңіз, сақ болыңыз!

Сондай-ақ суға түсу кезінде мына жайттарды естен шығармаңыз:
– қоршау белгілерінен тысқары жүзбеңіз;
–тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз;
– балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
– шомылғанда камераларды, доптарды, тақтайларды, үрмелі матрацтарды пайдаланбаңыз және суда ойнап, шолжаңдауға жол бермеңіз;
– өтіп бара жатқан катерлерге, қайықтарға қарай жүзбеңіз;
– суға көпірлерден, тоғандардан, айлақтардан, қайықтар мен катерлерден, катамараннан секірмеңіз, таныс емес жерлерге сүңгімеңіз;
– иесіз және техникалық ақаулары бар қайықтарды пайдаланбаңыз;
– қалқымалы құралдарға техникалық төлқұжаттағы көрсетілген артық жолаушылыр мен жүктерді алмаңыз;
–тұмсығына отырмаңыз;
– бір орыннан екінші орынға, бір қайықтан екінші жүзетін құралға ауысып отырмаңыз;
– қайықтан суға сүңгімеңіз, қараңғыда жалғыз суға түспеңіз; – қасында ересектер болса, 14 жасқа дейінгі балалардың жүзгіш құралдарды пайдалануына тыйым салынады.
Суға шомылу барысында сіңірі тартылған адам өзіне-өзі көмек көрсете алады. Оның тәсілдері мынадай: қолдың саусақтары тартылса, тез саусақтарыңызды жұмып, жұдырығыңызды түйіңіз, қолды жанжаққа жұлқи лақтырғандай қимыл жасап, жұдырығыңызды ашыңыз. Балтыр-аяқ бұлшық еттері тартылса, аяқты бүгіңіз, сіңірі тартылған аяқтың табанын ұстаңыз және өзіңізге қарай қатты тартыңыз. Сан бұлшық еттері тартылса, аяқты сирақтың сырт жағынан ұстаңыз және оны тізеге бүгіп, артқа, белге қарай тартыңыз. Сіңірдің тартылуы кетпесе, осы әдісті тағы қайталаңыз. Құрметті оқырмандар! Суға шомылып, демалу кезінде қайғылы жағдайларға душар болмау үшін қауіпсіздік ережелерін сақтап, немқұрайлылықтың құрбаны болмаңыздар.
Аудандық төтенше жағдай бөлімі