Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада тергеу изоляторына әкелген тамақ ішінен телефон шықты

Қызылордада тергеу изоляторына әкелген тамақ ішінен телефон шықты

Қызылордада тергеу изоляторына алып келген палау ішінен телефон шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда қаласы ЗК-169/1 мекемесінің сәлем-сауқаттарды қабылдау бөлмесіне келген азамат әкелген азық-түлікті тексеру барысында тыйым салынған зат анықталды.

Тексеру барысында бір реттік ыдысқа салынған ыстық палау ішінен фольга қағазына оралған бір ұялы телефон мен бір SIM-карта табылды.

«Оның ағасы ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен сегіз жылға сотталған. Тергеу изоляторына тыйым салынған затты өткізбекші болған азаматтың үстінен ҚР Әімшілік құқық бұзушылық кодексінің 481-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ісі сотқа жолданды», деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

Аяна Тоғанбек
10 мамыр 2022 ж. 361 0