Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда түрмесінде сотталушыға әкелінген палаудың ішінен телефон шықты

Қызылорда түрмесінде сотталушыға әкелінген палаудың ішінен телефон шықты

Қызылордадағы тергеу изоляторына палауға жасырып телефон өткізбек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
4 тамыз күні Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/1 мекемесінде сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлер тағы да тыйым салынған затты тауып тәркіледі. Мекеме қамауындағы сотталғанға келген азаматша IRBIS маркалы телефоны, қуаттағыш құрылғысын және SIM картаны политэлин пакетке орап, палау мен салаттың ішіне жасырып өткізбек болған.

inform.kz
06 тамыз 2021 ж. 287 0