Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұтынушылардың игілігі үшін

Тұтынушылардың игілігі үшін

Еліміздің басты Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Осыған байланысты тұтынушыны барынша қорғау мақсатында нарықтық қатынастарда тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға үнемі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырылады. Бұл ретте 2020 жылы осы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді және осы жылы да осындай өзгерістер енгізуге жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне өзгерістер енгізу туралы" ҚР заң жобаларына реттеуші саясаттың консультативтік құжаттарын әзірледі.
Өмір тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғау және "кәсіпкер-тұтынушы"  қарым-қатынастарында өзара келісімде жұмыс жасау үшін тұтынушыларға мықты ұйым қажет екенін көрсетті. Осыған сәйкес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қалыптасқан проблемаларды шешу үшін ерікті мүшелікке негізделген коммерциялық емес ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің ұлттық қауымдастығының (ҚБҰҚ)  жұмыс істеуі үшін заңнамалық негіз қалануынжәне тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізілуі ұсынылады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында осындай қауымдастық құру, сөзсіз, қажет. Бұл қоғамның белсенді бөлігіне пікір тыңдалатын қауымдастық арқылы ұсыныстар енгізе отырып, заң шығару процесіне тікелей әсер етуге көмектеседі. Сонымен қатар, қауымдастықтың жұмыс істеуі белгілі бір мәселелерді шешуде жедел тәжірибе мен  сот тәжірибесін алмасуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, мемлекеттік органдарда үкіметтік емес ұйымдар қатарынан "стратегиялық әріптес" мәртебесінің пайда болуына байланысты бұл мәселе бұрынғыдан да өзекті болып отыр. Сондықтан да тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің ұлттық қауымдастығы институтын заңнамалық бекіту және оның жұмысының, функцияларының, қаржыландырылуының және т. б. қағидаттарын белгілеу қажет.
Сонымен бірге тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу ұсынылады. Омбудсмен мәртебесі Қазақстан тұтынушыларының құқықтарын қорғау саласының жүйелі проблемаларын оларды шешу жолдарынталқылау үшін мемлекеттік биліктің жоғары эшелонына шығаруға мүмкіндік береді.
Осылайша, омбудсмен халық пен қоғамдық бірлестіктердің дауысы ретінде қызмет ететін болады, ол тұтынушылардың құқықтары бұзылған салалардың қазіргі проблемаларын мемлекеттік биліктің бірінші тұлғаларына тікелей жеткізеді. Мемлекет тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институты үшін оның негізгі міндеттерін айқындай отырып, оның ұлттық та, халықаралық та деңгейлерде өз функцияларын тиімді орындауы үшін тәуелсіздігіне кепілдік бере отырып, берік құқықтық негізді қамтамасыз етуге тиіс.
Интернет арқылы, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы тауарларды сатып алу және төлеу кезінде тұтынушылар алдау мен алаяқтыққа жиі тап болатыны ешкімге құпия емес. Бұл үшін электрондық сауда саласында тұтынушы мен сатушы (дайындаушы, орындаушы) арасындағы шарттың үлгілік нысанын белгілеу, тұтынушыға тауарды жеке иеленуге кіргенге дейін шартты бұзу құқығын іске асыру мүмкіндігін беру, сатушының тұтынушыға ақшаны қайтару тетігін белгілеу және көрінеу сапасыз тауарды өткізетін не жалған жарнаманы пайдаланатын жосықсыз кәсіпкерлердің неғұрлым қатаң жауаптылығы сияқты қашықтан тәсіл кезінде тауар сатуды нақты құқықтық реттеуді белгілеу қажет.
Тұтастай алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға ұсынылатын түзетулер тұтынушының қанағаттанушылығын қамтамасыз етіп, әлеуметтік тепе теңдікті қалыптастыруда оң нәтиже береді. Әзірленген өзгерістер мен толықтыруларды заңнамалық тұрғыдан бекіту тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін неғұрлым сапалы деңгейге көтереді және қазақстандықтардың өмірінде жағымды өзгерістерге әкеледі.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция
министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитеті Қызылорда облысының
тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
11 мамыр 2022 ж. 668 0