Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыдағы серпінді сенбілік

Қазалыдағы серпінді сенбілік

Бүгін Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде жалпыхалықтық экологиялық акция аясында кезекті сенбіліктер ұйымдастырылды. Сенбілікте негізгі күш Әйтеке би кентінің шет аймақтарына салынып, бей-берекетсіз шашылған қоқыстар жинастырылды.

Көктемгі көркейту-көгалдандыру жұмыстарына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев өзі бастап шығып, қазалылықтармен бірге туған жердің таза болуына, қоқыссыз орта қалыптастыруға өз үлесін қосты.

Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов жетекшілік жасайтын топ 5 квартал аймағындағы «Қазақ қорымы», аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков жетекшілік жасайтын топ «Водокачка» елді мекеніне барар жол, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев жетекшілік жасайтын топ «Қарамай көл» аумағындағы күл-қоқыстарды жинастырды.

Ал, Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров бастаған қызметкерлері бастаған бірқатар мекеме-кәсіпорын ұжымдары «Мектепбай» учаскесін тазалады.

Серпінді сенбілік аясында аудан орталығы – Әйтеке би би кентіндегі мекеме ұжымдары өз аулаларын тазалап, гүлдерін егуді қолға алды. Сонымен қатар, В.Счастнов, Қ.Пірімов көшесі бойындағы темір қоршаулар тазаланып, сырланды.




14 мамыр 2022 ж. 645 0