2 өңірде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді
![](/uploads/posts/2022-05/medium/1652610128_2022-05-15-crop-8_23_771x1162_n0nc3y7t55966s8ygcxx_kt5ewjy0ob5e5yb0ez41.jpg)
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 8 адам коронавирус жұқтырды.
Нұр-Сұлтанда – 4 адамнан, Алматыда – 4 адамнан вирус анықталды.
Жалпы елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 305 644 жетті.
Сонымен қатар Қазақстанда 149 адам коронавирустан айықты:
Алматыда – 91,
Шымкентда – 6,
Маңғыстау облысында – 50,
Солтүстік Қазақстан облысында – 2.
Елімізде барлығы 1 291 897 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
15 мамырдағы мәлімет бойынша 228 адам коронавирустан емделіп жатыр.