Қазақстанның барлық өңірінде коронавирус өршіп барады
![](/uploads/posts/2020-11/medium/1605182861_qala-1.jpg)
«Қазақстанда осы жылдың 12 қарашасындағы жағдай бойынша 118 491 науқас тіркелді. Оның ішінде бүгінгі күні 108 632 науқас сауығып шықты. Бүгінгі күні 7 941 науқас емделіп жатыр. Өкінішке қарай 1 899 отандасымыздан айырып қалдық. Сонымен қатар соңғы тәулікте 587 адамның коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның дерегінше, осы жылдың 1 тамызынан бастап COVID-19 пневманиясына 39 545 адам шалдықты. Оның ішінде 23 351 адам емделіп, сауығып шықты. Ал 9 782 науқас ем қабылдауда. 412 адам қайтыс болды. Соңғы тәулікте 188 адамнан пневмония анықталды.
kyzylorda-news.kz«Сонымен қатар соңғы 2 аптада еліміздің барлық өңірінде COVID-пен сырқаттанудың күрт өсуі байқалып отыр. Сырқаттанушылық барлық өңірде орын алуда. Өткен аптамен салыстырғанда ауру 1,7 есеге өсті. Ауру жұқтырудың 45 пайызы Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Қостанай облысында 4 есеге өссе, Батыс Қазақстан облысында 3,2 есеге артты. Ал Павлодар өңірінде 2,7 есеге айтарлықтай өсім байқалуда. Бүгінгі күні аталған өңірлердің әкімдіктері күшейтілген шараларды қабылдауда», – деді Ержан Байтанаев.