Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19. Елімізде вирустың өсуі байқалады

COVID-19. Елімізде вирустың өсуі байқалады

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ-да ҚР карантиндік шараларды күшейту және коронавирустың екінші толқынының алдын алу туралы өткен онлайн брифинг кезінде мәлімдеді.

21 қазандағы жағдай бойынша 109 766 науқас тіркелді, оның ішінде 105 301 науқас сауығып шықты. 2 662 адам ем қабылдап жатыр. Соңғы тәулікте COVID-19 вирусын 143 адам жұқтырғаны тіркелді. Елімізде 1 803 адам індеттен қайтыс болды. COVID-19-дың ПТР тест нәтижесі теріс көрсеткен 36 200 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 28 318 адам сауығып шықты. 7 494 науқас ем қабылдап жатыр. 388 адам қайтыс болды. Соңғы тәулікте 220 жағдай тіркелді, - деді ол.
Ажар Ғинияттың айтуынша, соңғы апта ел өңірінде COVID-19 індетінің өсуі байқалады. Өткен аптамен салыстырғанда сырқаттану 12 өңірде 1,2-ге өсті. 

Науқастардың көбі Нұр-Сұлтан – 125, ШҚО – 95, Алматы қаласында – 79, Павлодарда – 79, СҚО – 74, Қарағанды – 69, Атырау – 58 жағдай тіркелді. Бұл жалпы сырқаттанудың 74 процентін құрады, - деді вице-министр брифингте.

21 қазан 2020 ж. 428 0