Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қауіпті вирус жұқтырғандар саны 2025-ке жетті

Қазақстанда қауіпті вирус жұқтырғандар саны 2025-ке жетті

Елімізде тағы 30 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 2025-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
"22 сәуірдің 09:25 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында – 8 адамнан, Алматы қаласында – 2 адамнан, Қостанай облысында – 7 адамнан, Маңғыстау обылсында – 2 адамнан, Павлодар облысында – 3, адамнан Жамбыл облысында – 6 адамна, Батыс Қазақстан облысында – 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 401 адам, Алматы қаласында – 680 адам, Қарағанды облысында - 101 адам, Ақмола облысында - 83 адам, Атырау облысында - 82 адам, Жамбыл облысында - 76 адам, Шымкент қаласында - 103 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 11 адам, Алматы облысында - 55 адам, Ақтөбе облысында - 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 37 адам, Маңғыстау облысында - 16 адам, Қызылорда облысында - 151 адам, Батыс Қазақстан облысында - 72 адам, Түркістан облысында - 66 адам, Қостанай облысында - 34 адам, жалпы 2025 науқас тіркелді. Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.
22 сәуір 2020 ж. 652 0