Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көкшетауда екіқабат әйел жеті баласымен далада қалды

Көкшетауда екіқабат әйел жеті баласымен далада қалды

Олардың үйлерін жаңбыр шайып тастаған. Ал көпбалалыларды жалдамалы пәтерлер алмайды. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Өрт сөндірушілермен бекітілген. Мұнда жарты метр су болды. Барлық жиһаз, барлығы батып кетті. Бізде гипсқартонмен қапталған, барлығы басылып қалды. Үй ғана сұраймыз, қандай болса да бәрбір. Кішкене тұра тұруға арналған бірнәрсе болса. Батыр-ана мәртебесін иеленгенмін”, — дейді Марина Бехтольд.
Ол өзінің тұңғышын 16 жасында туған. Қазір 7 баласы бар. Жанұясында тек күйеуі жұмыс істейді. Күндіз үйдегі тесіктерді жөндеуге тырысады, ал кешке таксиші. Олар 2016 жылы ғана тұрғын үй алуға кезекке тұрды. Оның нөмірі —3424.
“Қанша уақыттан кейін екенін, әрине, ешкім айтпайды. Бірақ оны кезектен тыс беруге негіз жоқ” , — дейді Көкшетаудағы тұрғын үйді басқару ведомствосы.
Әйел көмек сұрап мемлекеттік мекемелердің де табалдырығын аттаған. Ол жердегілер оған балаларды жетімдер үйіне өткізуге кеңес берген. Сосын тұрғын үймен көмектесуге талпынған. Бірақ ешнәрсе шыққан жоқ
“Балаларды жетімдер үйіне тапсыру туралы ұсыныс білдірді. Сосын Саина, 28 деген жерде тұрған “Ана мен бала” орталығын көрсетті. Біз бардық, ал ол жерде кезбелер. Лас, кір. Мемлекеттің біз сияқты адамдарға арналған уақытша үйі болмағаны ма? Біз ғана зардап шеккен жоқпыз ғой”,— дейді ол.
Марина Бехтольд балаларымен қайда түнерін білмейді. Сонымен қатар, әйел 8 баласына екіқабат.
Stan.kz
18 қазан 2018 ж. 1 011 0