Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдум кезінде санитарлық талаптар қалай сақталады?

Референдум кезінде санитарлық талаптар қалай сақталады?

Республикалық референдум өтетін күнде COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу алгоритмі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетованың қаулысына сәйкес, референдумды өткізу кезінде:

1) адамдардың көп жиналуына жол бермей, әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз ете отырып, референдумға қатысушылардың легін реттеуді;

2) үй-жайларда желдеткіш/ауа баптау жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін;

3) ауаны жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда үй-жайларды жүйелі желдетуді;

4) дауыс беру алдында және күні бойы қажеттілігіне қарай үй-жайларды желдетуді;

5) дауыс беру алдында және күні бойы қажеттілігіне қарай үй-жайларды және барлық жұмыс беткейлерін жуу құралдарын қолдана отырып, ылғалды жинау, дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету қажет.

Аталған қаулының орындалуын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорда әкімдері, бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, аумақтық референдум комиссиялары қамтамасыз етуі тиіс.
31 мамыр 2022 ж. 434 0