Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдум өткізу – ел болашағының негізі

Референдум өткізу – ел болашағының негізі

Облыстық референдум комиссиясы  республикалық референдумға дайындық және оны өткізудің құқықтық аспектілері тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Іс-шара Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында ұйымдастырылды. Жиналғандар  ағымдағы жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум туралы, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы, респуб­ли­калық референдумды дайындау мен өткізу, қаржыландыру, үгіт, элек­тораттық оқытуды ұйым­дас­тыру, дауыс беруді байқау про­цесінің ерекшеліктері, сон­дай-ақ референдум туралы заң­наманы бұзғаны үшін жауап­кер­шілік мәселелері бойынша ойларын ортаға салды.

 «Республикалық референдум өткізудің кейбір ерекшеліктері туралы»
облыстық референдум комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев, «Референдум комиссияларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етудің ережелері мен есеп берудің тәртібі туралы» облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Болат Накипов, «Референдумға қатысушылардың құқықтық жауапкершілігі туралы» Қармақшы ауданы прокурорының орынбасары Әнуар Муратов  хабарлама жасады.
Семинар соңында Облыстық референдум комиссиясының және уәкілетті мемлекеттік ор­ган­дардың өкілдері семинарға қаты­сушылардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.
23 мамыр 2022 ж. 785 1

Arletha от 3 шілде 2022 17:50
►►► ✅ Where can I get my gift? Here? https://lnk.do/oRLXPN