Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бидайдың қымбаттауына байланысты ұн бағасы да өсе ме?

Бидайдың қымбаттауына байланысты ұн бағасы да өсе ме?

Ауыл шаруашылығы министрі Ерлан Қарашөкеев ұн мен нан бағасының өсуіне ешқандай алғышарттары жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
бидай

Министр әлемде бидайдың қымбаттауы байқалғанын растады. Алайда Қазақстанда бидай қорын жасақтаған "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" бар деді.

"Біз қазір арзандатылған астықты әлеуметтік нан үшін аймақтарға жіберуді қамтамасыз етіп жатырмыз. Сондықтан баға тұрақты болады. Нанның қымбаттауы үшін ешқандай алғышарттар жоқ, болмады және болмайды да", - деді Ербол Қарашөкеев.

Ауыл шаруашылығы министрінің сөзінше, 15 маусымға дейін ұн мен бидайды елден шығару үшін квота бар. Сондықтан нарықтағы жағдай тұрақты, келесі астық түсіміне дейін қор жеткілікті. Ербол Қарашөкеев ұн тапшылығы елде болмайтынын атап өтті.

Дүниежүзілік банк божамына сәйкес, биыл бидай бағасы 40%-ға дейін өсіп, тарихи рекордты жаңартуы мүмкін. Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс салдарынан ауыл шаруашылығы өнімдері кем дегенде 20%-ға қымбаттайды.
01 маусым 2022 ж. 715 0