Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазғы тері күтімі

Жазғы тері күтімі

Жазда теріге базалық күтім жасау жеткіліксіз. Күннің көзі, ыстық және жоғары ылғалдылық теріге дақтар мен бөртпенің пайда болуына және оның майлануына себепші бола алады. Жаз мерзімінде теріге күтім жасауда негізгі екі қадамды сақтау маңызды.

Күннен қорғау

Қалада да ультракүлгін фотоқартаюды шақырады және теріні зақымдайды. Күн сәулелері бізді қоршаған барлық нәрседен шағылады: шөп, бұтақтар, асфальт және т.б. Қалада SPF 15-30 құралы жарайды. Тек бет терісін емес, сондай-ақ барлық ашық жерлерді күннен қорғау керек. SPF-құралдар жайлы жалған пікірлерді де біле жүріңіз.

Сапалы әрі терең ылғалдандыру

Қоршаған орта температурасы көтерілгенде ағзадағы жылуды реттеу өзгереді. Сондықтан тері арқылы ылғалды жоғалту артады. Сол үшін су ішу режимін сақтау маңызды. Ол әркімде әрқалай: орташа есеппен, күніне 1,5-2 л таза су ішу керек. Құрамында ылғалдандырғыштары бар құралдар қолдану қажет. Олар жасушааралық кеңістікте ылғалдың қорын құрады. Мысалы, бетаин — ылғалды жоғалтудың алдын алатын және жасушаларды температуралық өзгерістерден қорғайтын өсімдік компоненті. Сондай-ақ, табиғи ылғалдандырғыштарға тамаринд сығындысы, моринга майы, гиалурон қышқылы жатады.

massaget.kz

12 маусым 2022 ж. 728 0